Алматы облысы Боралдай кентінде 100 тоннаға жуық балық қырылып қалды. Үш күннен бері су қоймасында жатқан балық өлексесінің иісі қолқаны қабады. Әзірге балықтың неден қырылып қалғаны белгісіз. Бөгетте шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкер бұған өзенге құйылатын кәріз суы себеп болуы мүмкін дейді.
Кәсіпкерлер Денис пен Ержан бөгет суына жеті жыл бұрын 400 мыңға жуық шабақ жіберген. Балығы енді ет жинап, қызығын көреміз ба деп отырғанда барлығы бір күнде қырылып қалған.
Денис Громоздов, Балық шаруашылығының басшысы:
Мен алдымен кінәлілердің табылуын талап етемін. Қойманы қалпына кім келтіреді? Уақыт өтіп жатыр. Бұл жерде балық өте көп. Қалай тазартанымызды да білмеймін. Кешелі бері сегіз тонна балықты әзер шығардық.
Қуан Нұрақын, тілші:
Балықтардың дәл бұлай қырылып жатқанына үш күннен асқан. Шаруа басшысының сөзінше, өздігінен сыртқа шығаруға еш шамалары келмеген. Дәл осылай тағы бір-екі күн жатса маңындағы ауылды қолаңса иіс жайлауы мүмкін.
Кәсіпкерлер балықтың қырылу себебін өздері іздеген. Бөгетке құятын өзенге екі бірдей кәріз суының ағып жатқанын анықтапты. Бірі «Тоспа су» мекемесіне тиесілі құбыр болса, екіншісі Боралдай кентінің тұрғын үйлеріне қосылған.
Айбек Айғараұлы, Боралдай ауылдық округінің қызметкері:
Қаламен салыстырғанда ондай көп тұрғын тұрмайды. Химиялық жұмыс жасамайды. Жер үйлердің көбісі оған жалғанбаған. Мұндай көлемдегі балық Боралдайдың кәріз жүйесінен болуы мүмкін деп айта алмаймын.
Тоспа су мекемесіне хабарласқанымызда тек сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін сұқбат беретіндерін айтты. Ал еңбегі еш кеткен шаруалар шығынға
Ержан Кеңесов, Балық шаруашылығының басшысы:
Қаншама жылдан бері күткен бейнетіміз шынын айтқанда. Осылай болып тұр енді. 100 тонна шығын дегенді біліп тұр ғой. Басқаларға қалай екенін білмеймін. Бізге шынында қиын жағдай болып тұр
Балық өлексесіне толып қалған Көкөзен көлінің қашан тазартылатыны белгісіз. Қазір осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды. Өлекседен сынама алынып, зертханаға жіберілді. Балықтардың нақты неден қырылғаны сараптама нәтижесінен кейін белгілі болмақ.
Қуан Нұрақын