Иран үкіметі ядролық нысандардағы камераларын МАГАТЭ-ге көрсетуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран үкіметі ядролық нысандардағы камераларын МАГАТЭ-ге көрсетуге дайын

13.09.2021

Иран өзінің ядролық нысандарындағы бейнекамераларды МАГАТЭ инспекторлары үшін қайта қол жетімді етеді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пен Тегеран жексенбіде осындай ортақ мәміле жасады. Жаңа келісімге сай МАГАТЭ қызметкерлері Иранның ядролық нысандарындағы мониторинг жабдықтарының карталарын ауыстыруға және басқа да қажетті техникалық қызмет көрсетуге рұқсат алды. Бұл шара екі жақ арасындағы қарым-қатынас мен ынтымақ аумағын кеңейту үшін қажет болып отыр.

Айта кетсек, әлемдік державалар мен Иран арасында 2015 жылы жасалған ядролық келісімді қайта қалпына келтіруге бағытталған келіссөздер сәуірден бері жүріп жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу