Ауғанстандағы университеттерде қыздар мен жігіттер бір-бірінен бөлек оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстандағы университеттерде қыздар мен жігіттер бір-бірінен бөлек оқиды

13.09.2021

Ауғанстан университеттерінде қыздар мен жігіттер бір-бірінен бөлек оқытылмақ. Мұны осы елдің жоғары білім жөніндегі уақытша министрі Маулауи Әбдул Баки Хаккани мәлімдеді. Оның сөзінше, қыздарға әйел мұғалімдер дәріс беруі керек. Ал, мұндай ұстаздар жетіспеген жағдайда, ер ұстаздар паранджа киген студент қыздарға ғана лекция оқи алады.

Тағы бір сөзінде министр жоғары оқу орындарының аудиторияларында әйелдер мен ерлерді бір-бірінен бөлектейтін шымылдық құрылуы қажеттігін ескертті.

Ауғанстанда осы айдың басында студенттер университеттерге орала бастады. Айта кетсек, 1996-2001 жылдар тәліптер билік еткенде, бұл мемлекетте әйелдердің білім алуына мүлде тыйым салынған еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу