Алматыда турист шыңнан құлап, жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда турист шыңнан құлап, жарақат алды

13.09.2021

Үлкен Алматы шыңына бет алған турист бес метр биіктен құлап, екі аяғын жарақаттады. Оқыс оқиға сенбі күні болған. Шыңға қараңғы түскенше жете алмайтынын түсінген 3 турист артқа қайтуды ойлайды. Алайда қайтар жолды қысқартпақ болғанда, бағытынан адасып кетеді. Қауіпті жерге тап болған жігіт биік жартастан құлап, жарақаттанады.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен азаматты тауып, тікұшақпен эвакуациялады. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Мамандардың айтуынша, құтқару жұмыстарын ауа райы айтарлықтай қиындатқан. Тауда қатты жел соғып, жаңбыр аралас қар жауған.


Хабарламаларға жазылу