Еліміз бойынша 3 мыңнан астам санақ бұрышы жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша 3 мыңнан астам санақ бұрышы жұмыс істеп тұр

10.09.2021

Еліміз бойынша 3 мыңнан астам санақбұрышы жұмыс істеп тұр. Олар аумақтық статистика департаменті, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта» филиалдары мен ірі сауда орталықтарында орналасқан. Мұнда мамандар онлайн санақтан өтуге ниет білдірген азаматтарға жан-жақты кеңес береді. Дарын Сағитов тарқатады.

Дарын Сағитов, тілші:
 Елордада осындай 12 санақ бұрышы бар. Алдағы уақытта олардың санын арттыру көзделген. Сауалнамаға онлайн жауап беру 15-қазанға дейін жалғасады. Азаматтар SANAQ.GOV.KZ сайты, E-GOV порталы және «AITU» мобильді қосымшасын пайдалана алады. Немесе осындай санақбұрыштарына келулеріне болады.
Камила Жарқынбаева, ҚР ҰСБ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы:
Көп адамдардың интернеті болмайды. Немесе құрылғылары болмайды. Сұрақтар бойынша проблемалары шығады. 91 сұрақ. Ол сұрақтарға жауап беру үшін біраз уақыт қажет. Түске дейін, түстен кейін бір маман 20-30 азаматты қабылдайды. 

Қазір онлай санақтан өткендер 1,5 млн-ға жуықтады. Азаматтар саны бойынша Алматы көш бастап тұр.  Мұнда 153 163 адам сауалдарға онлайн жауап берген. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы. Шаћарда 132 153 азамат санақтан өткендігі туралы хабарлама алған. Үштікті Алматы облысы қорытындылап отыр. Аймақта 129 771 адам онлайн санақтан өтті. Айта кетейік, ғаламтор арқылы сауалдарға жауап бергендердің ұялы телефондарына немесе электронды пошталарына хабарлама келеді.

Нұрболат Айдапкелов, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы:
Біздің тарапымыздан халыққа барлықжағдайды жасауымыз керек. Бірінші рет цифрлық форматта өтіп тұрғаннан кейін, онлайн арнайы сайт жасадық. Ол жерде жұмыс жақсы жүріп жатыр. Қатысу ынтасы азаматтар тарапынан үлкен. 

Онлайн санаққа қатыспағандар екінші тәсіл – дәстүрлі үй-үйді аралау кезінде сауалдарға жауап береді. Сауалнама 1-30 қазан аралығында жүргізіледі. Науқан тек халықтың нақты санын білу үшін ғана қажет емес. Ол арқылы елдегі экономикалық өзгерістер мен демографиялық ахуал нақтыланады. Әлеуметтік сала бағамдалады. Мәліметтер барлықдеңгейдегі бюджеттің ашық қалыптасуына ықпал етеді.

 Дарын Сағитов 

Хабарламаларға жазылу