Ресей газын Еуропаға Украинаны айналып өтіп тасымалдайтын «Солтүстік ағын-2» құбырының құрылысы аяқталды. Мұны көрші елдің энергетикалық алыбы - «Газпром» бүгін хабарлады.
Ұзындығы 1200-шақырымдық құбыр бес жыл бұрын тартыла бастады. Онымен жылына 110 миллиард текше метр газ жөнелтуге болады. Бұл – Ресейдің Еуропаға бір жылда экспорттайтын көгілдір отынының жартысына тең көлем.
Балтық теңізінің астынан өтетін құбырдың құрылысына 11 миллиард доллар жұмсалған. Жобаға әу-бастан АҚШ пен Украина қарсы болды. Ал, 2019 жылы сол кездегі Құрама Штаттар президенті Дональд Трамп «Солтүстік ағын-2» құрылысына санкция жариялаған еді.
Арыстанбек Рысбек