Бүгіннен бастап өңірлердегі барлық мешітте жұма намазын оқуға рұқсат етілді. Бірақ, бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес ғибадат мешіт ауласында жасалуы керек.
Сондай-ақ медициналық масканың жеткілікті қорымен қамтылуы қажет. Дезинфекциялық құралдар мен антисептиктерден де тапшылық болмауы тиіс. Намаз оқырда арақашықтың сақталуы қатаң ескерілуі керек. Ал, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған болатын.
Нысаналы Ығыл