Президент Жолдауы барлық салаға серпін береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жолдауы барлық салаға серпін береді

10.09.2021

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында мемлекеттік реформалар жүзеге асатын жоспар бар. Ол барлық салаға серпін береді. Осылай деген алматылық зиялы қауым өкілдері артылған тапсырма іске асса, халықтың мерейі арта түседі деген пікірде.

Мереке Құлкенов, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Мемлекет басшысы бастан-аяқ халықтың қамын ойлап айтады. Халыққа болсын деген нәрселерді айтады. Әсіресе, мына ғылым саласында, білім саласындағы өзгерістер. Мектеп мұғалімдеріне 25 пайыз айлығын көтеру, дәрігерлердің жағдайын жасау, мектеп оқушыларына мүмкіндік жасау, өзінің талантын ашуына. Мемлекет басшысымен бірігіп, бүкіл халық осының ішінде айтылған нәрселерді дер кезінде орындай алса, мемлекетіміз одан әрі гүлдей береді деп ойлаймын.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу