Орталық Азия елдері мен Ресей терроризмге қарсы жаттығу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері мен Ресей терроризмге қарсы жаттығу өткізді

10.09.2021

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Балықшы қаласы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиындары өтті. Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымы бастамашы болған шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан әскерлері қатысты. Олар әуе күштерінің көмегімен құрлықта операция жүргізуге машықтанды. Қатысушылардың мәлімдеуінше, қазір Ауғанстан мен Орталық Азия шекарасында проблема бар екенін ескеріп, тұрақсыздыққа қарсы тұра білу маңызды. Ресей қорғаныс министрлігі хабарлағандай, маневрлар барысында С-300 зымыран жүйесінен ракета атып, шабуылға жауап беру тәсілі де сыналды.

АҚШ контингентінің Ауғанстаннан кетуіне байланысты қауіп туындағаны белгілі. Онымен күресу үшін Мәскеу Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымындағы одақтастарымен байланысты тіпті жақындатуға дайын. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу