Батыс Қазақстан облысының мектептерінде 31 сынып карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының мектептерінде 31 сынып карантинге жабылды

09.09.2021

Батыс Қазақстан облысының мектептерінде 31 сынып карантинге жабылды. Оқу жылы басталғалы 114 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталған. Олардың 56-сы қала мектептерінде оқиды, қалғаны – ауыл-аймақта. Дерт жұқтырған балалардың сыныптастары 14 күн үйде оқшауланады. Сабақтарын онлайн оқиды. Егер үйде ата-анасы ауруға шалдықса, баланы мектепке жібермеуі керек.

Әдемі Хасанова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы :
Егер бір сыныпта бір оқушыдан короновирус анықталатын болса, түгел сынып 14 күндік карантинге жатқызылады. Бұл карантиндегі балалар медициналық ұйым қызметкерлерінің күнделікті бақылауында болады. Егер бір балада симптом анықталса, олардан қосымша ПТР-тест алынып, емделеді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу