Биыл 5 800 шақырым жол ақылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 5 800 шақырым жол ақылы болады

09.09.2021

Жыл соңына дейін 5 800 шақырымдай жол ақылы болады. Оның 1 800 шақырымы 1-ші санаттағы жолдар. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясының өкілдері мәлімдеді. Алғашқы 2 мың шақырымға жуық күрежол 7 бағытты қамтиды.
Олар: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Шымкент - Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қапшағай – Талдықорған, Нұр-Сұлтан - Көкшетау – Петропавл бағытындағы жолдар. Жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырым жолдың жүру құны – 1 теңге. Ақылы болатын өзге 4 мың шақырым жол 2-3 санаттағы жолдар.

Асқар Маратұлы,  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Бірінші санаттағы жолдар тарифі 1 шақырымы үшін 5 теңгеден 25 теңге дейін ауыр жүк көліктеріне 2013 жылдан бергі өзгеріссіз қалады. Ал 2-3 санаттағы төлемдер жайлылық төлемдер коэффицентін қолдана отырып, жүк көлік құралдарынан ғана алынатын болады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу