ДДСҰ бай мемлекеттерді үшінші вакцина салуды тоқтатуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ бай мемлекеттерді үшінші вакцина салуды тоқтатуға шақырды

09.09.2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бай мемлекеттерді коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салуды 2022 жылға дейін тоқтата тұруға шақырды.  Халықаралық орган өкілдерінің мәлімдеуінше, әлемде миллиондаған адам әлі күнге дейін вакцинаның бірде бір компонентін алмаған. Сол себепті ұйым басшысы бақуатты елдер мен вакцина өндірушілерді екпені алдымен кедей мемлекеттердің тұрғындарына беруге үндеді.

Ал, Австралияда коронавирустың Дельта штамы өршіп тұрса да, қатаң локдаунды алып тастаудың жол картасы жасалды. Сиднейде толықтай иммундалған тұрғындар келесі дүйсенбіден бастап көшеге еркін шыға алады. Ал, дәмханалар мен өзге де орындар қазанның екінші жартысында ашылады.Түнгі барлар мен жаттығу залдары тұрғындардың 70 пайызы толықтай иммундалған кезде жұмыс істей бастайды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу