Енді тауарды ұялы телефон арқылы сатып алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді тауарды ұялы телефон арқылы сатып алуға болады

22.06.2016
Енді тауарды ұялы телефон арқылы сатып алуға болады

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазпочта» АҚ ақпараттық баспасөз туры аясында Ақмола облысының Шортанды ауылындағы аудандық пошта байланыс торабында болды.

Іс-шараға сонымен қатар «Самұрық Қазына» ҰӘҚ, аудандық әкімдік, БАҚ өкілдері және блогерлер қатысты.

Дәурен Абаев ауыл тұрғындарына қазіргі заманғы коммуникациялық қызметтерді ұсыну жаңа министрлік жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«21 ғасырдағы мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі азаматтардың күнделікті өміріне жоғары технологиялардың ену деңгейімен өлшенеді. Біздің еліміз осы салада едәуір жетістіктерге жетті, алайда біздің бағындырар шыңымыз әлі алда. Әрине, ең алдымен технологиялық прогресс жетістіктерін ауылдық жерлерге енгізу туралы сөз қозғалады. Бүгін таныстырылып отырған әлеуметтік жобалар соның куәсі»,- деп атап өтті министр.

Кездесу барысында «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин пошта саласындағы жаңалықтар туралы айта келе, пошталық және қаржылық қызметтерді – электронды кезек, «сәлемдемелер супермаркеті», postmarket.kz (e-commerce) сауда алаңы, есептік-кассалық қызмет көрсету, т/ж билеттерін сату, заңды тұлғаларға қызмет көрсету және т.б. таныстырды.

Қатысушылар «Salem, Mobile» деп аталатын тауарлар мен қызметтерге төлем жасау жөніндегі жаңа қызметпен танысты.  

Клиент кез келген үлгідегі ұялы телефон құралымен USSD пәрменін (қысқа хабарламалар қызметін) *499# нөміріне жіберу арқылы төлем жасай алады. Төлемдер жүргізу үшін өз картаңызды бір рет қана www.post.kz тіркеу жеткілікті.

«www.bnews.kz»

 

Хабарламаларға жазылу