Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолдардың бірінде жанармай таситын көлік аударылды.
Оқыс оқиға Өскемен – Риддер трассасы бойында болған. Жапа шеккен екі адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 тоннаға жуық жанармай жолға төгілген. Өрт тұтанып кетпеуі үшін оқиға орнына дереу 4 автоцистерна мен 15 маман жетті. Қазір жолға төгілген жанармай тазаланып, көлік қозғалысы қалпына келген.