Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз есептен шығарып отырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз есептен шығарып отырған

09.09.2021

Бірқатар банктер қазақстандықтардың қаражатын негізсіз есептен шығарып отырған. Келеңсіз фактілерді Бас прокуратура анықтады. Яғни, қаржы институттары клиенттердің несиелері мен қарыздарынан артық ақша ұстаған. Заң бойынша жалақы мен зейнетақы сомасының 50% астамын өндіріп алуға тыйым салынған. Алайда банктер, нақтырақ айтқанда, Kaspi Bank, Еуразиялық банк пен Қазақстан Халық банкі және «Хоум Кредит энд Финанс Банкі» азаматтардың шотындағы қаражатын белгіленген лимиттен жоғары көлемде есептен шығарған. Мұндай фактілер Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды. «Ақшаны қайтару алгоритмі қолданысқа енгізіліп, мәселе шешілді»,-дейді жауаптылар.   

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу