Биыл 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

08.09.2021

Қандастарға Қазақстан азаматығын алу жеңілдей түсті. Енді тарихи отанына оралған этникалық қазақтар үшін төрт мемлекеттік қызмет «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетіле бастады. Әрі қызметтерді көрсету мерзімі едәуір қысқарып отыр. Мәселен қандас мәртебесін беру немесе ұзарту үшін 4 жұмыс күні жеткілікті. Ал қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың квотасына енгізу 14 жұмыс күнін алады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қызметі 45 күнде іске аспақ. Ал Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу үшін бір ай кетеді. Айта кетейік жыл басынан бері 3 мыңдай қандас азаматтық алған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу