Парижде тарихи сот процесі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде тарихи сот процесі басталады

08.09.2021

Парижде 2015 жылы қарашада болған жойқын терактілерге қатысты тарихи процесс басталды. Күдіктілер сот өтетін ғимаратқа жеткізілді. Франция астанасында 6 жыл бұрынғы шабуылдардан 130 адамның өмірі қиылып, 350-і жараланған еді.

ДАИШ ұйымы мойнына алған жарылыстар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция тарихындағы ең ірі теракт саналады. Париж соты алдында 14 адам жауап береді. Олардың бірі - шабуылға тікелей қатысқан Салах Әбделсалам. Бельгияда дүниеге келген Франция азаматы - Париждегі қантөгістерден кейін 4 айдан соң полицияның қолына түсті. Онымен бірге сотталып жатқан 13 күдікті - терактіні дайындағаны үшін айыпталған. Олардың қуғында жүрген 6 сыбайласы сырттай сотталады.

Процесс 2022 жылғы мамырға дейін жалғасады. Оған 330 заңгер мен 300-дей куәгер қатысады.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу