Жамбыл облысында әкімдік қызметкері оққа ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында әкімдік қызметкері оққа ұшты

08.09.2021

Жамбыл облысында Талас ауданы әкімдігінің қызметкері оққа ұшты. Оның денесі өз көлігінің жанынан табылған. Қазір бізбен аймақтағы әріптесім Данияр Асқарұлы скайп арқылы байланысқа шықты. Данияр, мемлекеттік қызметішінің өліміне не себеп болған? Құқық қорғаушылар не дейді?

Данияр Асқарұлы, тілші:
Қазір Жамбыл облыстық полиция департаментінің алдында тұрмыз. Оқиға осыдан бірер күн бұрын болған. Қаза болған Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі деген ақпарат бар. Ішкі істер бөліміне аудан орталығы Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде белгісіз ер адамның оқ тиіп қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қазір біздің жанымызда осы іспен айналысып жатқан тергеуші тұр. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша мәліметтермен бөліссеңіз?
Сондай-ақ, естеріңізге сала кетейік, Талас ауданы әкімдігі өкілдерінің хабарлағанындай  дәл осы бөлімнің бұрынғы бастығы Нұрлан Күдертаев қазір қамауда отыр. Оған қатысты тергеу ісі өткен жылдың аяғында басталған. 

Данияр Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу