Индонезияда түрмеден өрт шығып, 41 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда түрмеден өрт шығып, 41 адам қаза тапты

08.09.2021

Индонезияның Бантен провициясында түрме өртеніп, 41 сотталушы қаза тапты. Жергілікті үкімет өкілдері мен ақпарат құралдарының хабарлауынша, тағы оншақты адам жараланған. Өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, құрбандардың кейбірін қатты күйік шалғандықтан, оларды анықтау қиынға соғып отыр. Мәйіттердің біразы идентификация үшін полиция бөлімшесіне жөнелтілді. Айта кетсек, 2017 жылы Индонезиядағы Тангеранг түрмесінің фейерверк шығаратын фабрикасында өрт болып, 47 адам көз жұмған еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу