Елімізде тағы бір индустриялды аймақ пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тағы бір индустриялды аймақ пайда болады

06.09.2021

Елімізде тағы бір индустриялды аймақ пайда болмақ. Бұл жолы оны Ақтөбе облысында салу көзделген. Жоба Түрік инвесторларының қаржысына іске асады. Ол шамамен 500 миллиард доллар. Қыруар қаржыға машина құрастыру зауытын ашу, химия және тамақ өнеркәсібімен айналысу және дәрі-дәрмек шағыру жоспарланып отыр. Осы арқылы 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Қазір экономикалық аймақты тұрғызу үшін жер телімі дайын. Инвесторлармен соңғы келіссөздер жүруде. Айта кетейік оларға мұнда салық жеңілдіктерін беру секілді қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу