Қаржы алаяқтары рәсімдеген несиелер кешіріліп, есептен шығарылмақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн кредит беру ережесіне осындай түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Әрі онлайн берешек беру тәртібін қатаңдату да көзделген. Мәселен қазір шағын қаржы ұйымдарынан қарыз алу үшін жеке куәлік болса жеткілікті. Енді түзетулер қабылданса, еговмобайл базасына тіркелген нөмір де өзіңізбен болуы тиіс. Соған келген жасырын кодты енгізу түрлі алаяқтардан қорғайды дейді агенттіктегілдер. Сондай-ақ электронды цифрлы қолтаңба немесе саусақ іздері секілді биометриялық мәліметтер де қажет болмақ. Қазір құжат қоғамдық талқыға шығарылған.
Досжан Маратұлы