Мемлекет басшысы өз Жолдауында саяси реформалардың жаңа, төртінші топтамасын ұсынды. Сарапшылар осындай пікір білдіріп жатыр. Мәселен, депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдер мен жастарға берілетін 30 пайыздық квотаны міндетті түрде ұстануды заң жүзінде бекіту міндеті қойылды. Бұл норма бұрын тек партиялық тізімге қатысты еді. Енді аталған квота депутаттық мандатты бөлу кезінде де сақталады.Сонымен бірге Президент партиялардың сайлау тізімінде квота берілетін азаматтар санатын кеңейтуді ұсынды. Квотаға мүмкіндігі шектеулі азаматтарды да қосу қажеттігін айтты.
Сабина Садиева, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:
Менің ойымша бұл Жолдауда айтылған ең жағымды жаңалықтардың бірі. Алдыңғы Жолдауында Президент кандидаттар тізіміне квота енгізуді тапсырған еді. Енді бұл талап қатайып жатыр. Яғни, сайланған депутаттардың ішінде 30 пайыз әйелдер мен жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар болады.
Шерхан Жамбылұлы