Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионнан асты. Өткен тәулікте 19 мыңға жуық адамнан індет табылған. 800-ге жуығы қайтыс болды. Ковидпен күрес жөніндегі мекеме өкілдерінің есебінше, пандемия басталғалы, Ресейде қауіпті вирусқа байланысты аурулардан 187 мыңнан астам адам көз жұмды. Ал тағы бір дерек бойынша, былтырғы жылдың сәуірінен биылғы шілдеге дейін Федерация аумағында коронавирустан 365 мың адам қаза тапқан. Бұл туралы «Росстат» өткен айда мәлімдеді. Кейбір бақылаушылардың ойынша, Ресейде эпидемиялық жағдайдың нашарлауына вакциналау науқанының баяу жүргізілуі себеп болған. Оның үстіне елде коронавирустың «дельта» штамы өршіп тұр.
Арыстан Рысбек