Елімізде ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі

05.09.2021

Президенттің Жолдауындағы «ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60000 теңгеге көтеру» ұсынысына орай. Қарапайым айтсақ, ең төменгі жалақының төмен, ал еңбекақыдан ұстайтын салық көлемінің жоғары болуы, біріншіден, еңбекақының өсуіне тұсау, екіншіден, бюджетке іс жүзінде түсетін салықтық табыс мөлшерін азайтады, деді экономист Ербосын Нұрмахан.

Мысалы, шағын бизнесте еңбекақыдан ұсталатын салық мөлшерінің көптігіне байланысты жұмыс беруші өзіне де, жұмыс істеушіге де тиімді болу үшін, өзара келісіп, айлықты қағаз жүзінде төмен етіп көрсетеді. Сөйтіп одан көбірегін жұмысшының қолына конвертпен береді.

Ал енді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаетың шағын бизнесті тексеруге жарияланған мораторийдің күшін жою ұсынысына келейік. Министр үш жылға созылған мораторий кезінде бюджет 200 млрд теңге жоғалтты, тексеру болмағасын тәртіп кетті деген. Мәжіліс депутаты Айбек Паяев министрдің уәжін «күлкілі» деп сипаттады. Ащы күлкі туғызады дегені ғой. Әрине, министрге үлкен міндеттер жүктелген, оған қазынаны толтыру керек. Бірақ мен министрдің назарын «Самұрық-Қазынаға» аударар едім, деді депутат.

Толассыз тексерістер бизнесті жойып тынады. Пандемия кезінде олар онсыз да біресе істейді, біресе тоқтайды. Не істемек керек? Қоғамдық келісім керек. Егер оларды жаныштамаса, салықты өздері-ақ төлейді, сеніңіз маған, деді депутат. Ал экономикадағы көлеңкелі тұстарға байланысты айтқаны: онымен не салық органдары, не қаржылық бақылау айналыспайды. Қаржы министрлігінің қаржының қайда кетіп жатқаны туралы сұрау салуға қақысы бар. Бірақ бұлай істемей отыр. «Шығынмен істейтін компаниялардың басшылары күлім қағып жүреді. Миллиардер, бірақ қазынаға дым түсірмейді, онда салықты кәсіпорынға емес, жеке тұлғаға салу керек», деді депутат болғанша салық органында істеген Паяев.

Тағы бір депутат Е.Саиров фейсбукте былай жазды:

Әрине, бүгін әсіресе, ірі-олигархиялық бизнеске сұрақ көп....Кіші және орта бизнестің сіңірі шығып жатыр. Оларда жіліктің майлы жері жоқ.Бюджетті толтырудың басқа тәсілдерін іздестіру керек. Дәл қазір орынсыз ұсыныс деп білемін, деп жазды.

Хабарламаларға жазылу