Жыл соңына дейін ұлттық қор мен бюджетті тиімді пайдалану үшін қосымша заңнамалық түзетулер қабылданады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жолдауда жүктелген міндеттерді іске асыруға басымдық берілетінін жеткізді. Ол Президент тапсырмасы халықты алаңдатқан өзекті мәселелерді шешуге арналғананын атап өтті. Ал оны іске асыру үшін маңызды заңнамалық өзгерістерді керегін айтады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Мұның бәрі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға және пандемиядан зардап шеккен бизнеске қолдау көрсетуге ықпал етеді. Алдағы уақытта Сенат Жолдауда белгіленген басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізеді.