Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты басталды

02.09.2021

Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты басталды. Осымен 16-шы рет жалауын көтерген жарысқа 10 мемлекеттен 14 команда қатысуда. Тағы 6 мемлекеттен делегаттар келген. Көпшілігі пандемия салдарынан жете алмаған. Ашық стадионда өтіп жатқан жарыста көрермен жоқ. Спортшылар мен басқа да сайысқа қатысушылар түгелдей ПТР тест тапсырған. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған. Алғашқы күннің нәтижесі бойынша әзірге Ресей мен Беларусь командасы алда. Қазақстан құрамасы да барын салып жатыр. Байрақты бәсекенің басты мақсаты – мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту әрі спорттың бұл түрін Олимпиада деңгейіне шығару, - дейді ұйымдастырушылар. 

Хабарламаларға жазылу