«Талибан» бүгін жаңа үкімет құрамын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Талибан» бүгін жаңа үкімет құрамын жариялайды

02.09.2021

«Талибан» бүгін Ауғанстанда Ислам әмірлігінің үкіметі құрылғанын жариялайды. Осы қозғалыстың өкілі Ахмадулла Муттаки хабарлағандай, жаңа басшылықтың жасақталуына арналған салтанатты шара Кабулдағы президент сарайында өтеді.

Қозғалыстың ең жоғары лидері Хайбатулла Ахунзада елге билік ететін кеңесті басқарады. Яғни ол президенттен де жоғары тұрмақ. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, бұл биліктің заңдылығы халықаралық донорлар мен инвесторларға тәуелді Ауғанстанның күйреу алдында тұрған экономикасы үшін шешуші рөл ойнамақ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу