6 облыста 9 жаңа су қоймасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 облыста 9 жаңа су қоймасы салынады

02.09.2021

Аграрлы аймақ Алматы облысы үшін су мәселесі өзекті. Жолдауда Мемлекет басшысы алдағы бес жылда 6 өңірде 9 су қоймасы салынатынын, бұл 70 мың тұрғыны бар 20 елдімекенді тасқын қаупінен құтқарып, 195 мың гектар суармалы алқапты игеруге мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, жолдауда жекенің қолына өткен жайылымдарды ауыл тұрғындарының игілігіне жарату, ауылшаруашылығын дамыту үшін ветеринария саласын жетілдіруді тапсырды. Жолдау жүктеген міндеттер өңірде қордаланған мәселелерді дөп басқандай дейді жетісулық зиялы қауым өкілдері.

Ермек Келемсейіт, Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Ауыл шаруашылығындағы атқарылып жатқан субсидия болсын, сумен қамтамасыз ету, ветеринария басқасы бар. Осылардың бәрін бір қолға топтастыру, бір орталыққа деген мәселелер қойылды. Меніңше, бұл өте орынды дүние. Өзінің болашақта үлкен нәтижесін беретініне біз сенімдіміз.


Хабарламаларға жазылу