Спорт саласына түбегейлі реформа қажет. Мәжілістегі «Nur Otan» Фракциясы осы мәселеге орай үкіметке сауал жолдады. Спортқа бөлінген қаржы дұрыс жұмсалып жатқан жоқ. Мәселен, Шучинскідегі шаңғы трамплині 38-млрдқа салынған. Нәтиже жоқ. Биыл салаға 47 млрдтан астам теңге, ал, бұқаралық спортқа бар жоғы 2 млрд бөлінген. Депутаттардың ұсынысы Легионерлер мен «кәсіби клубтарды» қысқартып, балалар жаппай спортпен айналысу үшін жағдай жасау керек.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазақстанда салынған ірі спорт кешендеріне балалар мен жасөспірімдер бағасы өте қымбат болғандықтан дене шынықтыру, спортпен шұғылдана алмайды. Қарапайым халыққа, әсіресе біздің балаларға бұл кешендердің есігі «тарс жабылған». Осы мәселені шұғыл шешу міндет!