Австралияда локдаун тағы үш аптаға ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда локдаун тағы үш аптаға ұзартылды

01.09.2021

Оңтүстік Кореяда бүгін 2 мыңнан астам коронавирусқа шалдығу фактісі тіркелді. Жұқпалы індет екі ай бойы тәулік сайын 1000 адамнан анықталып отыр. Бұған елде вакцина салу науқанының баялауы себепші. Бұған қоса осы айда кореялықтар алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл мереке кезінде коронавирус өршуі мүмкін деген қауіп бар.

Австралияда коронавирусқа қатысты қатаң локдаун тағы ұзартылды. Дегенмен, үкімет бірнеше айға созылған карантинді алып тастауға асық. Бұл үшін ел тұрғындарының 70 пайызы вакцина салуы тиіс. Өйткені, шектеу шараларына қарамастан, коронавирус жұқтырғандардың саны азаймай отыр. Сол себепті билік австралиялықтар вируспен бірге өмір сүруі тиіс деп мәлімдеді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу