Елордада еріктілердің қатысуымен онлайн-марафон өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада еріктілердің қатысуымен онлайн-марафон өтті

31.08.2021

Елордада «Отандастар Қорының» ұйымдастыруымен коронавируспен күресу мақсатында онлайн-марафон өтті. Қатысушылар әлеуметтік желідегі хабарландыру арқылы өтініш білдірген. Сондай-ақ, аталған шараға қазақстандықтардан бөлек, шетелде білім алып жатқан отандастарымыз да белсенділік танытқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара спортты кеңінен насихаттап қана қоймай, жастар арасында тығыз байланыс орнатады.

 Әлжан Шәріпов, «Отандастар қоры» КЕАҚ маманы:
Дәл осындай спорттық шаралар біздің денсаулығымызды, иммунитетімізді жақсартады. Сол мақсатта біз осындай онлайн марафонды ұйымдастырып отырмыз. Мұның мақсаты кез келген адам топ болып жиналмаса да, әрбір елден қатысып, өзінің денсаулығына пайдалы іспен айналыса алады.


Хабарламаларға жазылу