Сәтбаев каналының сорғы станциясында өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәтбаев каналының сорғы станциясында өрт шықты

31.08.2021

Павлодар облысындағы Сәтбаев каналының № 2-ші сорғы стансасында өрт шығып, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Апат түнде болған. Салдарынан сорғы агрегаттарын электр қуатымен жабдықтайтын құрылғылар, басқару панелі және нысанның 150 шашы метр аумағы жанып кеткен. Шығын көлемі 270 млн. теңге. Арна бойымен судың жүруі тоқтатылды. Ақауды жөндеуге екі аптадай уақыт кетеді дейді мамандар. Қазір Екібстұз қаласының су сақтау қоймасында 19 млн текше метр су бар. Қала ай сайын1,7 млн. текше метр тіршілік нәрін пайдаланады.

Ардақ Қаңтарбаев, Екібастұз қаласының әкімі: 
Зардап шеккен азаматтар жоқ. Екібастұз өңірі бойынша сумен қамтамасыз етуде қауіп жоқ. Өңіріміз бойынша жұмыс жүргізу мақсатында аумақта техногендік сипаттама бойынша төтенше жағдай жарияланды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу