Түркістан облысында егінге түскен 15 жылқыны аяусыз ұрғандар іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында егінге түскен 15 жылқыны аяусыз ұрғандар іздестіріліп жатыр

31.08.2021

Түркістан облысы, Келес ауданында егінге түскен жылқыларды аяусыз ұрып, азаптаған. С.Саттаров ауылында болған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер іздестірілуде. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 15 жылқы екі ауылдың тұрғынына тиесілі. Малдың денелері кесіліп, тілгіленген. Соның салдарынан 4 бас жылқыны сойып алуға тура келген. Шығын көлемі 3 миллион теңгедей.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу