Академик Төрегелді Шарманов Vero Cell вакцинасын салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Төрегелді Шарманов Vero Cell вакцинасын салдырды

29.08.2021

Covid-19 коронавирусы мен коронавирустық пневмония бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпарына келсек, тестпен расталғандардың саны 6266, 157 адам қайтыс болған, 1796 адамның жағдайы ауыр, 493 адамның жағдайы өте ауыр. 237 адам өкпені желдететін аппаратқа қосылған. Вакциналауға келсек, екпенің екі дозасын да 5 317 112 адам салдырған.

Вакцина алуға үндеуден шаршамаймыз. Атақты академик Төрегелді Шарманов та сөйтеді. Оның екпе алғанын ұлы – профессор Алмаз Шарман хабарлады. Vero Cell екпесінің алғашқы дозасын алған.

 Төрегелді Шарманов, академик:
Отандастарым, бауырларым,бүгін әлемді жайлаған бір инфекция бар. Өте қауіпті індет. Ол – коронавирус инфекциясы. Бұдан сақтанудың бір-ақ жолы бар, ол – бетперде тағу, вакцина салдыру. Мен 90-нан асып бара жатырмын. Вакцина салдырдым. Ешқандай қауіп жоқ, ұйқым жақсы. Қауіпті індеттен сақ болу үшін вакцина салдырыңыз. Вакцина салдыру арқылы адам өзін және жақындарының өмірін сақтайды. 

 ДДСҰ -ң соңғы мәліметері бойынша әлемде ковидтен 4 жарым миллионға жуық адам көз жұмды. Ал елімізде бұл вируспен ауырғандардың жалпы саны 850 мыңға жуықтады. Тек осы тамыз айының өзінде 200 мыңдай адамнан анықталды және көз жұмғандар 3 жарым мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу