Батыс Қазақстан облысына 5 мың доза қытайлық вакцина жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысына 5 мың доза қытайлық вакцина жеткізілді

27.08.2021

Батыс Қазақстан облысына тағы 5 мың доза қытайлық Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы жеткізілді. Бұған дейін аталған екпенің 30 мың дозасы әкелінді. Қазір осы вакцинаны 4 мыңға жуық тұрғын алып үлгерген. Бұл екпені Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктерінде 3-17 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат етілген. Алдағы күндері өңірге тағы 67 мыңнан астам доза вакцина әкелінбек.

Гүлнәр Әбдірахманова,  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
 Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қауіпсіз әрі тиімді деп танылған алғашқы қытайлық препарат, бүгінде әлемнің 45 елінде аталған вакцинамен ересек тұрғындарды егуге рұқсат етілген. Сонымен қатар, «Спутник» вакцинасының 37 900 дозасын күтіп отырмыз және де «QazVac» вакцинасының 30 060 дозасы күтілуде.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу