«Тараз – Луговое» темір жол учаскесі бойымен қатынайтын пойыз жолаушыларына билет құны қайтарылады. Ұлттық темір жол компаниясы сапарын үзуге бел шешекен жолаушыларға билеттің 100 пайыз құнын қайтармақ. Діттеген жеріне жете алмағандар үшін жүрілмеген қашықтық үшін сома төленеді. Ал, пойыздардың кешігуі үшін айыппұлдар төленбейді. Учаскедегі жағдай тұрақталғанға дейін Шу, Луговая, Бурное, Тараз, Сарыағаш станцияларында тәулік бойы теміржол билет кассалары жұмыс істейді. +ГРАФИКА: Билеттерді қайтару бойынша түсініктеме алу үшін бірыңғай 105 нөміріне немесе экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласуға болады. Айта өтейік, қазір қозғалыс кестесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал, «Тараз – Ақшолақ» учаскесінде қалып қойған жолаушыларды автобустармен екі бағытқа тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған.
Ләйлә Дулатқызы