Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті. Сонымен қатар, жоғалып кеткен бірнеше адам іздестіріліп жатыр.
Аймақ ауруханаларына 28 адам жатқызылды, олардың 6-ы ауыр халде. Уақытша эвакуация пунктерінде 171 тұрғын бар. Облыс әкімдігі оларға барлық жағдай жасалып жатқанын мәлімдеді . Жамбыл облысының жедел хабарласу желісіне 473 қоңыраулар мен хабарламалар түскен.