Елордада бірқатар шетелдік журналист марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бірқатар шетелдік журналист марапатталды

26.08.2021

Бүгін елордада бірқатар шетелдік журналист марапатталды. "Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен" халықаралық байқауға 40-қа жуық елдің журналисі қатысқан болса, Канада, Литва, Словакия, Моңғолия мен Пәкістанның БАҚ өкілдері топ жарып шыққан болатын. Алты үміткер сыртқы істер министрлігі атынан марапат алып, алғысқа бөленді. Байқау биыл алтыншы рет өтіп отыр. Жеңімпаздар жасаған дүниелер ядролық қарусыздану, жасыл экономика, сондай-ақ, Абай мен Әл-Фарабидің мұрасына арналды. Материалдар шетелдік басылымдар мен интернет ресурстарында жарық көрді.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу