Батыс Қазақстан облысында «Ақ жол» партиясы«Qūtty qadam» қайырымдылық акциясын өткізді. Жетім және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына оқу құрал-жабдықтары тарту етілді. Барлығы 80-нен астам бала отбасылық демалыс базасында шоу-бағдарламаға қатысып, ойын ойнады. Суға түсіп, табиғат аясында бой жазды. Бұл бір реттік науқан емес, жыл бойына өтетін қайырымдылық шаралардың бірі. Тек қала емес, Бөрлі, Қаратөбе секілді аудан-ауылдарда да өтіп жатыр.
Ержан Хасанов, облыстық мәслихат депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі:
Ең басты мақсат - қазақстандықтарды қайырымдылыққа тәрбиелеу, өскелең ұрпағымызға көңіл бөлу. Биылғы оқу жылы бөлек, соған біздің партия да көңіл бөліп, бүгінгі іс-шараны өткізіп жатқан жайы бар. «Нұр Отан» болсын, «Ақ жол» болсын, бұл - елдің қамы, Қазақстанның болашағы.
Ардақ Мұратқызы