Испанияның жағалау сақшылары Атлант мұхитында 46 мигрантты құтқарып, Канар аралдарына жеткізді. Олардың бірнешеуіне медициналық көмек қажет болған. Суға кете жаздаған босқындардың ішінде әйелдер мен балалар бар.
Жалпы алғанда, биыл 8222 мигрант Батыс Африкадан Канар архипелагына қауіпті жолмен жеткен. Бұл – өткен жылдың осы кезеңдегі көрсеткіштен екі есеге жоғары. Ал, 2019 жылдан бері «Қара құрлықтан» бұл бағытпен Испанияға жеткендер саны 8 есеге көбейіп отыр.
Арыстан Рысбек