Елордада «Антиконтрафакт-2021» IX халықаралық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Антиконтрафакт-2021» IX халықаралық форумы өтті

26.08.2021

Елордада «Антиконтрафакт» IX Халықаралық форумы өтті. Жиында өнімдердің заңсыз айналымына, нарықтағы контрафактілік жағдайларға қатысты тартысты пікірталас ұйымдастырылды. Форум қатысушылары интернет желісінде меншік құқығын қорғау, қажетті өнімдерді сертификаттау, таңбалау, патенттеу мәселелерін көтерді. Жастардың да белсенділігін арттыру мақсатында жоспар құрды.

Мария Жолдыбаева, Еуразиялық экономикалық комиссияның кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры:
Бүгін министр ақпарат айтып өтті. Статистика бойынша, ойыншықта контрафакт 50 пайыз. Бұл балаға келтіретін зиян. 30 пайызы киім-кешек пен аяқ киімдер. 20 пайызы - кітап, газет, журналдарда кездеседі. Себебі, лейбл, биркалар да осы салаға кіреді.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу