2025 жылға дейін кәсіпкерлерге 6 процент жылдық мөлшерлемемен 7 млрд теңге несие беріледі. Шағын және орта бизнес өкілдеріне кредитті 5 жыл мерзімге алуға болады. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 6%-дық мөлшерлеменің қазіргі инфляция деңгейінен айтарлықтай төмен екенін атап өтті. Сонымен бірге «Бизнестің жол картасы» арқылы несие беру бағдарламасында салаға қатысты шектеу болмайтынын айтты.
Ақерке Бектас