Алматыда 1 қыркүйектен бастап заңды тұлғалар үшін жарықтың тарифі қымбаттайды. Бұдан былай олар электр энергиясының 1 киловатт/сағатына 20 теңге 79 тиын төлейді. Дегенмен жарықты тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұрғындарға тариф өзгермейтінін айта кетейік. Электр энергиясы бағасының өсуіне 1 сәуірден бастап елде шекті тарифтің қымбаттауы әсер етіп отыр. Мамандар сонымен бірге энергия өндіруші ұйымдар да бағаны көтергенін айтады.
Ақерке Бектас