Халықаралық валюта қоры Қазақстанға 1,5 млрд доллар бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға 1,5 млрд доллар бөлді

25.08.2021

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға 1,5 млрд доллар бөлді. Дағдарыстан зардап шеккен әлемдік экономиканы қайта қалпына келтіру үшін валюта қоры ұйымға мүше елдерге 650 млрд доллар берген. Ұлттық банк өкілдерінің мәліметінше, арнайы қарыз алу құқығымен қаражат үлестіруді Халықаралық валюта қоры он бірінші рет өткізіп отыр. Пандемия салдарынан туған дағдарысты еңсеру үшін тіпті бұл жолы ақша көбірек бөлінген. Халықаралық қор қаржыны ұйымға мүше мемлекеттердің квоталарына қарай үлестіреді. Ақшаны алған елдер оны қандай мақсатқа жұмсайтынын өз еркімен шешуге құқылы.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу