Атырауда індетке шалдығып, денсаулығы нашарлаған науқастар күрт көбейді. Қазір реанимациядағы орындар 82 пайызға толды. 101 адамның жағдайы ауыр. 11-інің өмірі қыл үстінде тұр. Соңғы 3 тәулікте 21 адам жан тапсырды. Өңірде эпидахуал әлі де тұрақсыз. Теңізде науқастар саны тағы да артты. Бүгін 50 жұмысшыдан ковид анықталды. Жалпы үйде ем алып жатқандар саны 9 мыңға жуықтады. Ал, инфекциялық стационарларда 1568 адам жатыр. Олардың өмірін сақтап қалу үшін қызыл аймақта 500-ге жуық дәрігер қызмет етуде.
Нұрмұхамбет Бөкенұлы, №2 облыстық аурухананың реаниматологы:
Қазіргі жатқан науқастарымыздың жағдайы өте ауыр. Кислородқа тәуелді науқастар барлығы да. Емдеу Қазақстан клиникалық хаттамасына сәйкес жасалынады.
Жандос Темірғали