Шымкентте 200-ден астам студент дипломдарын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 200-ден астам студент дипломдарын ала алмай жүр

24.08.2021

Шымкентте екі жүзден астам студент дипломдарын ала алмай жүр. Лицензиясынан айырылған «Орда» университеті биыл жабылып қалды. Дипломдарын даулаған қырықтан аса студент пен олардың ата –аналары жиналып, басшылықтың түсінік беруін талап етті. Олар 20- шілдеде құжаттарын алуы тиіс болған. Алайда, оқу орнының басшылығы осы уақытқа дейін диплом түгілі, түсіндіру жұмыстарын да жүргізбеді дейді ашынған жастар. Ал, университет басшылығы болса түлектердің жартысына жуығы дипломдарын алып қойған, қалған студенттерге алдағы аптада құжаттары беріледі деп сендірді.

Зарина Сапар,  студент:
4 жыл бойы адал еңбегімізбен оқыдық осы университетте. Біз оқуға қабылдамас бұрын, бізге айтқан болатын 5 жылға аккредитациядан өткенбіз, лицензиямыздан ешкім айыра алмайды деп айтқан.
Ирина Ефимова,  «Орда» университеті президентінің кеңесшісі:
Университет Білім және ғылым министрлігі тарапынан айтылған олқылықтардың орнын толтыра алмады. Сол себептен лицензиямыздан айырылып қалдық. Бірақ, жағдайдың барлығын студенттерге айтып отырмыз. Қазіргі уақытта 246 дефектолог және бейнелеу өнері мен сурет салу бойынша 30 студент дипломдарын алмаған. Осы бойынша өзге университтермен келіссөз жүргізіп жатырмыз.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу