Кеден салығын төлемеген шетелдік көліктер мемлекеттік тіркеуден өткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеден салығын төлемеген шетелдік көліктер мемлекеттік тіркеуден өткен

24.08.2021

Елде кеден салығын төлемеген 156 шетелдік көліктің мемлекеттік тіркеуден өткен. Кірістер комитетінің хабарлауынша, соңғы кезде Грузия мен Әзірбайжаннан уақытша кіргізілген автокөліктер көбейген. Олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік пунктері арқылы кіргізілген. Алайда шетелдік азаматтар өздері елден кеткенімен көлікті саудаға салып не қалдырып кетеді. Комитет өкілдері кедендік салықтан жалтарып, мемлекеттік тіркеуге қойылған көліктерді анықтады. Мамандар осыған байланысты азаматтарға уақытша әкелінген көлікті тек салығы төлегеннен кейін ғана сатып алуға болатынын ескертеді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу