Қарағанды облысындағы мектептерге әмбебап қауіпсіздік турникеттері қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы мектептерге әмбебап қауіпсіздік турникеттері қойылады

24.08.2021

 Қарағанды облысындағы білім беру ұйымдарына ақылды турникеттер орнатылады. Құрылғы бір мезетте 30 оқушының дене ыстығын өлшейді. Баланың температурасы 37 градустан жоғары болса дабыл қағылып, медбикеге жіберіледі. Болашақта жүйе өзге де қызмет түрлерімен толықтырылмақ. Мысалы әр сыныптың сабақ кестесі енгізіледі. Оқушының сабағы аяқталмағанша ол мектептен шыға алмайды. Сондай-ақ қару ұстаған адам келсе, ол тас жабылып, бірден полицияға хабар беріледі. Мұндай турникеттің құны 4 миллион теңгеге жуық. Әзірге пилоттық жоба ретінде қаладағы 104-ші мектепке ғана орнатылды. Ал, Қарағанды қаласының әр мектебіндегі қауіпсіздікке шамамен 1,5 миллионнан асатын қаржы бөлінген. Облыстағы 500-ге жуық білім нысанында дабыл түймелері орнатылып, күзет қызметімен қамтылған.

Есентай Әшім, Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы:
Бұл жерде бала өте көп, 1400-ге жуық олардың саны. Алдағы уақытта тағы да артуы мүмкін. Негізі үлкен мектептердің барлығына осындай орнатқан дұрыс болады. Болашақта басқа мектептерге де жоспарлауымыз ол бюджеттің бөлінуіне байланысты. Біз тапсырыс береміз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу