Батыс Қазақстан облысында 7 мектеп жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында 7 мектеп жабылды

24.08.2021

Батыс Қазақстан облысында 7 мектеп жабылды. Біреуі - Орал қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектебі. Қалғаны - ауылдардағы бастауыш мектептер. Себебі оқитын бала жоқ. Әрі өңірде 7 білім ордасы апатты деп танылған. Бұл мәселе толығымен тек келер жыл ғана шешіледі. Сонымен қатар жаңа оқу жылында балалар 5 үш ауысымды мектепте оқымақ.

Айгүл Мыңбаева,  облыстық білім басқармасының басшысы:
Жыл соңына дейін облысымызда үш мектеп құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұлар - Оралдағы 33 мектеп, Казталов ауданындағы Сарықұдық ауылындағы 60 орындық мектеп және Казталов ауылында 600 орындық мектеп. Ақжайық ауданы Атамекен ауылында М. Өтемісов атындағы орта мектеп пен Казталов ауданы Қоныс ауылындағы мектепке модульдік мектеп салу құрылыс басқармасымен жоспарлануда.




Хабарламаларға жазылу