Әлем чемпионы атанған бойжеткенге ерекше құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионы атанған бойжеткенге ерекше құрмет көрсетілді

23.08.2021

Ресейдің Уфа қаласында жастар арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары бүгін елге оралды.

Дүбірлі додаға қатысқан спортшыларды Түркістан әуежайында жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды. Ел қоржынына бір алтын және бір қола медаль сыйлаған қос спортшы Нулифар Раимова мен Мәдина Аманды облыс басшылығы құттықтап, ақшалай сыйлық табыс етті. Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасында еркін күрестен 57 келі салмақта кілемге шыққан Нулифар Раймова финалда Италияның балуаны Аврора Руссоны 8:6 есебімен тізе бүктіріп, чемпион атанған болатын. 21 жастағы бойжеткен осылайша боз кілемде қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу